Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Тоңазу туралы не білу қажет?


Соңғы кезде теңізде зардап шеккен адамдардың өмірін сақтау мәселесіне үлкен көңіл бөлінеді. Көптеген зерттеулердің, сонымен қатар суға батқан кемелердің экипажын құтқару тәжірибесін жалпылап қорытудың негізінде, теңізде апатқа ұшырағандардың тірі қалуын шектейтін, маңызды факторлардың бірі суық өту болатындығын айтуға болады; және кейбіреулері құтқарылғаннан кейін суық өткеннен емес, жарақат, күйік және шок алғаннан қайтыс болады.

Судың температурасы, адам денесінің температурасынан төмен болады (36-37°С), сондықтан суда біраз уақыт болғанда ағза тоңази бастап, оның температурасы төмендейді. Бұл гипотермия күйін туғызады. Гипотермия қаупін Г. Н. Клинцевичтің «Выживаемость терпящих бедствие на море» (М., «Транспорт», 1977, б. 24) кітабынан, бір мысал келтіріп көрсетейік. «Дауыл кезінде Ақ теңізде орта тонналы кеме апатқа ұшыраған. Авария кезінде ауаның температурасы +2,5 °С, судың температурасы +2,2 °С болған. Зардап шеккендердің үстінде теңіз киімі және құтқару көкірекшесі болған. Экипаждың барлық 17 құрамы қайтыс болды — жанында болған екінші кеме ешкімді құтқара алмады. Қайтыс болғандарды сот-медициналық зерттеуден өткізген кезінде, жалпы тоңазу себебі өлімге әкелгендігін куәландыратын патоморфологиялық себептер анықталған».

Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының (БӘДСҰ) ықыласы бойынша Құтқару құралдары бойынша бағынышты комитеті гипотермияға қарсы күрес бойынша қажетті кепілдемелер дайындаған. Суық суда аман қалу бойынша жүк және кәсіпшілік кемелердің моряктарына арналған басшылық шығарылды. Басшылық нұсқауларының көбісін шағын серуендеу-туристік және спорт кемелерімен жүзетін тұлғалар үшін де қолдануға болады.

Шетелдерде өткізілген зерттеулер адам денесінің температурасы 30 °С дейін төмендеген кезде жүректің бір қалыпты соғуы бұзылады, ал одан әрі тоңазуы 28 °С дейін жүрек қызметі толық тоқтауына дейін қайтымсыз бұзылуы мүмкіндігін көрсетті.

Бұл зерттеулер ішкі температураның шамамен екі шегін анықтады:

34—35 °С — қиын шек, онда қауіпті бұзушылықтар пайда болуы мүмкін;

24 °С — өліммен аяқталатын шегі, онда өлімге әкеліп соғатын процестер болады.

Суық суға түскен адамның гипотермиясымен күресу қиын шегіне дейін температураның төмендеуін болдырмауға және сонымен қатар көмек көрсеткен уақытқа дейін суда қауіпсіз болуын ұзартуына әкеледі. Су температурасының және онда тірі қалудың орташа уақытының кестесін келтіреміз. Бұл кестеден көрінеді, мысалы, судың температурасы +5 °С болған кезде онда қауіпсіз болу уақыты 20 минутты құрайды, ал +20 °С температурасы кезінде бұл уақыт 7 есеге көп, яғни 2,5 сағат.

Көрсетілген су температурасы және онда болу уақыты қауіпсіз болмағанда аймақ шекті болып табылады: адамдар әлсізденіп, өлуі мүмкін.

Өлім аймағына сәйкес температура және уақыт кезінде жеке құтқару құралын киген жағдайда да тірі қалу мүмкін емес.

Судағы адам денесінің температурасы қауіпті деңгейге дейін төмендеу уақыты көптеген себептерге байланысты болады. Көбінесе адамның жасына, тері астындағы майға, ағзаның шыныққандығына және т.б. байланысты болады; бірақ бұл киімге және суда адамның іс-қимылына айтарлықтай байланысты.

Сәйкес киім және суда адам өзін дұрыс ұстаса, гипотермия күйіне түсу уақытын ұзартады.

Киім. Дымқыл киімнің өзі қоршаған ортаға дене жылуын беруді баяулатады, сондықтан дымқыл киімде дененің температурасы су температурасынан 4—5° жоғары сақталуы мүмкін. Борттың сыртында болу мүмкіндігін ескере бірнеше қабат киім кию керек. Іш киім мен жүннен тігілген киімнен басқа үстіне жағасы мен жеңі денеге жабысып тұратын синтетикалық материалдан тігілген күртеше киген жөн. Мұндай киім әуе қабатшасын сақтап, судың денеге өтуін азайтады.

Мүмкіндік болса қолға қолғап, аяққа бірнеше қабат шұлық пен аяқ киім киген дұрыс.

Әсіресе басты жылы ұстау керек. Сондықтан жылы, резеңкелі немесе шаңғы малақайын киіп, мойынды шарфпен немесе орамалмен орап алу керек.

Статистикалық деректердің негізінде жарияланған материалдар киімнің сәйкес болуы маңызды екендігін дәлелдейді. Мысалы, моряктардың жазғы киіміне (көбінесе мақтадан тоқылған мата) және құтқару көкірекшесін киген адам, судың температурасы +5 °С болған кезде онда 45 минут шыдай алады (ауаның температурасы 6—8 °С). Бұл жағдайда қайтыс болатындардың мүмкін пайызы — 50%. Егер адам жылы киімде болса (аң терісінен тігілген күртеше, шалбар және т.б.) су температурасы 0 °С (ауаның температурасы 15 °С) болған кезде ол 45 минут шыдай алады; мұндай жағдайда қайтыс болатындардың пайызы 0 түседі.

Жеке құтқару құралынсыз (көкірекше, кеудеше) суық суда аман қалу мүмкін емес, сондықтан жолға шығар алдында міндетті түрде бәрі толық дайындықта болуын тексеріңіз.

СУДА ӨЗІН ҚАЛАЙ ҰСТАУ КЕРЕК. Суық суға түскен кезде адамдардың қайтыс болуына негіз болатын себеп судың астында еріксіз дем алу болып табылады. Сондықтан барлық жағдайларда суға түсер алдында терең тыныс алу керек.

Суға кенеттін түскен жағдайда тез арада қолмен жұмыс істеу мүмкіндігі болып тұрғанда барлық түймелерді тағып (егер бұл алдын ала істелмеген болса) және зардап шеккендерді тез анықтау үшін арналған ысқырықты тауып алу керек.

Судың температурасы 10 °С болған кезде құтқару көкірекшесінде гипотермия күйіне түскен уақытқа дейін кемінде 1500 м жүзіп өтуге болатындығы анықталған. Осыған байланысты келесі ереже тұжырымдалған. Жақсы жүзу білуіне қарамастан судың температурасы 20 °С кезінде жағаға дейін алыс болса, оған қарай жүзу қауіпті — 1500 м азырақ болса да; қиын ауыр болса да қозғалыссыз қалып, көмек күту керек. Қозғалыс, жүзу кезінде жылуды қарқынды жоғалту қайғылы аяқталуы мүмкін.

Кемеден шағын ара қашықтықтағы қалқып жүрген затты, жағаны және т.б. көрген кезде оған жету керек.

Кеуде және май қабаты жоқ (қолтық асты, бүйірі және шабы) жерлерді суықтан қорғау керек, сондықтан суық суға түскенде тік күйде тізесін кеудесіне бүгіп, қолдарын бүйіріне басып, кеудесіне қою қажет.

Суықтың әсерінен әсіресе басты қорғау керек. Басты судың бетінде ұстау қажет. Қиын жағдайда да қорқу сезіміне берілмей, тірі және құтқарып қалатыныңа сену керек.

БІРНЕШЕ КЕҢЕС. Шағын кемеде жүзген кезде кенеттен борт сыртында қалып қою қаупі бар, көмек көрсете алатын адамның өзі де аңдаусызда осындай күйге түсуі мүмкін. Палубаға шығатындарға бірнеше пайдалы кеңестерді есте сақтаған дұрыс:

— жағымсыз ауа райында (басқада жағдайларда — қолданыстағы ережелерге сәйкес) құтқару көкірекшесін және кеудешені, сақтандырғыш белдік кию керек;
— кемеде жүрген кезде абай болыңыз, тұтқадан, леердан ұстап жүру керек; — қолды қалтада ұстамаңыз, әр минутта ұсталынып қалуға дайын болыңыз;
— әсіресе түнде және тұманда абай болыңыз; мұндай уақытта палубада жалғыз болуға болмайды; егер ауа райы жағымсыз болып тұрса, кеменің ашық жағында жұмыс істеге кезде екі адам болуға тырысыңыз;
— киім таңдаған кезде абай болыңыз: бірнеше қабат киім және су өткізбейтін күртеше әрқашан орынды;
— үнемі өзіңізбен апат сигналы — ысқырғыш болсын;
— сыртқы киім ашық түсті (қызғылт сары, қызыл, сары), жарық шағылтқыш лента жапсырылған болу керек. Барлық жағдайларда жеңіл мас күйінде болу өте қауіпті.

ГИПОТЕРМИЯ КЕЗІНДЕ КӨМЕК КӨРСЕТУ. Гиптермияның екі түрі болады — жеңіл және ауыр. Жеңіл түрі кезінде құтқарылған есін біліп, бірақ қатты дірілдеп жатса қажет:

— дымқыл киімді шешіп, құрғақ киім кигізу;
— ыстық немесе тәтті ішкізу керек;
— жылы орын-жайда кебуге мүмкіндік беру. Ауыр түрінде, құтқарылған адам есінен жартылай танып жатса және өлім аузында болса, қажет:
— ақырын жылы орын-жайға жатқызу;
— мазаламай, оның үстінен киімін шешу. Оны уқалауға болмайды;
— бетін жоғары қаратып, басын ептеп төмен еңкейтіп (құспаған жағдайда) жатқызу керек, бұл қанның миға келуіне мүмкіндік береді;
— зардап шеккен адам әзер демалып жатса, ауыз арқылы қолдан дем алдыру керек;
— келесі тәсілдердің біреуімен, кешіктірмей белсенді құтқарылған адамды жылыту:
а) қолды суға малғанды әзер шыдайтындай температурамен, легенге ыстық суға отырғызу; саусақтарына қанның келуін баяулату үшін, құтқарылғанның қолы мен аяғы суда болмау керек;
б) Ыстық суға малынған ормалды (шамамен температурасы 70 °С) басына, мойнына, кеудесіне және қарнына жабу керек, аяқ қолын жылытпау керек;
в) зардап шеккенді өзіңнің денеңмен жылыту үшін өзіңе қысып, көрпемен оранып алу керек.

Барлық жағдайларда да зардап шеккендерге ішімдік сусындарын беруге болмайды. Егер ол есінен танып жатса тамақ және су да беруге болмайды.

Биологиялық өлім белгілері байқалмағанша көмек көрсетуді тоқтатпаңыз.





Кері қайту