Тұрмыстық газды пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі
Сұйытылған газдар жарылғыш шегі төмен, газ-ауа қоспасының тұтану қабілеті бар газ болып келеді. Сұйытылған газдардың бөлмелерде немесе ашық алаңдарда бақылаусыз жануы адам өміріне қауіпті және салулардың бұзылуына келтіретін өртке себеп болу мүмкін.
Жеке қондырғы деп 2 баллонан көп емес бір және екі қабатты ғимараттарды газбен жабдықтайтын газ шығыны көп емес қондырғы саналады. Сұйытылған газы бар баллондарды бөлмеден тыс жерге де, ішіне де орналастыруға болады. Баллонды тек кез келген газ шаруашылығында абонент болып тіркелген және газды плитаның соңғы тексерісі туралы жазуы бар абоненттік кітапшасы бар тұрғын сатып алуға болады. Сұйытылған газ қондырғыларын қауіпсіз орналастыру үшін қажет: Егер баллонның төлқұжат кестесі болмаса, кезеңді куәландыру мезгілі өтіп кетсе, 5%-тен көп бояудың қорғау қабаты бұзылған болса, атмосфералық тоттану, вентиль маховигінің бұзылуы немесе жоқтығы, жарықшақтардың, батқандардың болуы, газдың шығуы, “пропан” жазуының жоқтығы баллонның ақау екенін анықтайды. |
Кері қайту