Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Орман өрттері


Ормандардағы өрттердің бәрі сыртқы себептерден болады: ағаштардың арасында өрттің көзі жоқ. Ормандардың жануы кейде найзағайдан болады, бірақ өртті орманға жиірек адам әкеледі.

Орман өрттері болуының ең типтік себептері:
- сөндірілмеген шылым не сіріңке;
- аңшы атқан соң, тығын бықсып жана бастайды;
- механизатор орманда майланған материалды тастап кеткен, қауіпсіздік техникасының ережелерін бұзып6 техникаға жанармай құйған, көліктің жанында шылым шеккен және т.б.;
- саяхатшылар, ауыл шаруашылығының жұмысшылары кепкен шөптің үстіне, кесілген қалдықтары бар ағаш кесетін жерде, ағаштың астында алау жаққан;
- орман алаңдарында шөпті немесе орманның жанындағы өрісте орылған егістің орнын жаққан;
- күн шұғыласы түсетін жерге тасталған шынының сынығы жандырғыш линза тәрізді күн сәулесінен жануы;
- орманда шаруашылық жұмыстарын (жарылғышпен тамырынан жұлу, қоқысты жағу, жолдарды, электролинияларын, құбырларды салуы және т.б.) дұрыс жүргізбегеннен.

Ормандағы өрттер төменгі, жер астындағы (торфты) және жоғарғы болады. Төменгі өрттерде (барлық оқиғалардың 90%) ағаштардың төменгі жағы, шөп, шөпшек, жерден шығып тұрған тамырлары жанады. Таралу жылдамдығы – 1 метрден 3 метрге дейін, жалынның биіктігі – жарты метрден 1,5 метрге дейін. Минутына 3-4 м жылдамдықта өрт 10-14 сағатта үлкен өртке айналады.

Жоғарғы жиі болатын өрт қатты желде болу мүмкін: от ағаштардың ұшар бастарынан минутына 5 метрден 100 метрге дейін және оданда көп жылдамдықпен өтеді. Жел жанып жатқан бұтақтарды және ұшқындарды таратады, олар өрттің жаңа ошақтарын тудырады.

Шымтезек өрттер ақырын қозғалады, тәулігіне бірнеше метрден. Олар жер астынан оттың кенеттен шығуынан және олардың шеті кейде көрінбей жанған шымтезекке түсіп кету мүмкіндігінен өте қауіпті. Сондықтан өрт болған жағдайда шымтезекті батпақтарға жоламау керек, ал егер шымтезек алаңынан өту қажет болса, онда тек топпен ғана жүру керек, бірінші келе жатқан адам топырақты бақанмен тексеру керек. Жер астындағы өрттің белгісі – жердің ыстық болуы, топырақтан түтіннің шығуы.

Шағын өртті (шегінің ені – 1 км-ге дейін) 3-5 адамнан құралатын топ арнайы құралдарсыз жарты сағаттың ішінде тоқтата алады. Мысалы, жасыл бұтақтардан жасалған сыпырғышпен, жас талмен (1,5-2 метр), қап тігетін матамен, брезентпен немесе киіммен отты қағу. Отты сабалап, өрт басталған жағына лақтыру керек, шағын жалынды аяқпен басуға болады. Тағы бір таралған әдіс - өрттің шетіне топырақ тастау.

Бірінші күрекпен топырақты алып жалынды қағу керек, содан соң топырақтан қалыңдығы бірнеше сантиметр, ал ені жарты метрге дейін тұтас жол жасау керек. Бір адам жарты сағат ішінде 20 метр шамасында өрт шетін қағуы мүмкін.

Егер сіз орманда шағын өртке кезіксеңіз, оны тоқтату үшін дереу шаралар қолдану керек, сонымен қатар мүмкіндік болса жақындағы елді мекенге немесе орман шаруашылығына біреуді көмек шақыруға жіберіңіз.

Кез келген апат жағдайда тұрғындар қорғау жұмыстарына қатыстырылады. Өртпен күресуге балаларды және жеткіншектерді, екіқабат әйелдерді және бала емізетін аналарды қатыстыруға тыйым салынады. Апат аймағында әкімшілік басқармасының ерекше заңдары әрекет етеді, осы заңдар барлық күштерді және техниканы өртті сөндіруге қолдануға рұқсат етеді. Егер сіз орман өртін сөндіретін топқа кірсеңіз, онда сізге өрт сөндіру тактикасын білу қажет, паналайтын жерді және оған баратын жолды білу қажет. Қорғайтын киім (мүмкіндігінше адамдарға арнайы киім, газқағар, каска, түтінге қарсы бетперде таратылады) кию керек. Әр топта жерді жақсы білетін жолсерік болу керек. Егер түтін аймағындағы көз көрерлік 10 метрден аз болса, онда оған кіруге болмайды.

Әрине орман өрттерімен біріншіден өз базасы бар мемлекеттік қызмет айналысады.

Орман өрті аймағынан қалай шығуға болады?

Егер өртпен күресе алмасаңыз, одан кетіп қалу жеткілікті: жаяу жүргіншінің жылдамдығы – минутына 80 метрден көп, ал төменгі өрттің жылдамдығы – 1-3 метр. Өрт шегіне перпендикулярлы жел жаққа қарай орман жолымен, алаңдармен, өзендердің және жылғалардың жағаларымен жүру керек. Қатты түтіндеуде ауызды және мұрынды сулы байламмен, орамалмен, киімнің бөлшегімен жабу керек. Кейде жоғарғы өрттің майданынан жүгіріп өтуге болады, бастысы - өкпелеріңізді күйдіріп алмау үшін демалмай жүгіру керек.

Елді мекенге тақалған өртті тоқтата алмау жағдайында мемлекеттік қызметтер дүниені және малды қалай қорғау керектігін, не істеу қажеттігін, ал қажетті жағдайда эвакуациялау туралы алдын ала хабарлайды. Жеке заттарды тастан жасалған жанатын конструкциясыз салуларда немесе жерге көміп сақтауға болады.

Эвакуация мүмкін болмаған кезде тек тастан жасалған саңылаусыз ғимараттарда, азаматтық қорғаныс баспаналарында немесе үлкен ашық алаңдарда күте тұру керек.

Естеріңізде болсын, әрбір азамат сөндірілмеген шылым не сіріңке тастайтындай, алауды толық сөндірмей тастап кететіндей Қазақстанда орман көп емес.



Кері қайту