Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

От жұмыстарын жүргізудегі өрт қауіпсіздігі

Ашық отты қолдануымен, ұшқын жасалуымен және бөлшектердің жанғыш заттардың және материалдардың жануын тудыратын температураға дейін қызуымен байланысты өндірістік операциялар от жұмыстарына жатады.

Ең өрт қауіптісі металды пісіру және кесу болып табылады. Олар еріген металдың қарқынды шашырауымен, жылудың, газдың және будың бөлінуімен қоса жүреді. Газбен кесу процесі оттек ортасында металдың жануына негізделген. Оттек - ең таралған химиялық элемент. Оттектің басқа заттармен қосылу реакциясы энергия бөлінумен өтеді. Қысылған газ тәрізді оттектің басқа органикалық заттармен, майлармен, жанғыш пластмассалармен жанасуынан олардың жануы мүмкін. Оттек жанғыш газдармен немесе сұйық жанғыш заттардың буымен қоспалар құрастыру қабілеті бар, бұл ашық от немесе жәй ғана ұшқын болған кезде жарылуға әкеп соғады. Газбен пісіруде және кесуде қолданылатын оттек, ацетилен және басқа газдар көпшілік жағдайда баллондарда болады. Бірақ ацетиленді көбінесе от жұмыстарын өткізетін жерде арнайы ацетиленді генераторда кальций карбидінен алады. Бұл процесс пісіру (кесу) орындарының өрт қауіптілігін бірталай көбейтеді.

Ацетилен генераторларының өрт қауіптілігі генератор ішінде ацетилен-оттек немесе ацетилен-ауа жарылғыш қоспасының, генератордан бөлмеге газ шығуынан, оның ішінде ацетиленнің жарылуға қауіпті концентрациясының пайда болуынан шығады. Су бекітпесінің жағдайына ерекше мән беру керек. Сақтандырғыш бекітпесі су құйылмаған генераторларды пайдалануға тыйым салынады.

Ниппельдерде бекітуге және карбидті барабандарды ашу кезінде мыстан жасалған аспаптарды және сымдарды қолдануға болмайды, өйткені бұл жағдайда жарылуға қауіпті қоспалар пайда болуы мүмкін. Құрамында мыстың мөлшері 70 % көп емес қоладан және басқа қорытпалардан жасалған аспаптарды және сымдарды қолдану керек.

Редуктордағы, шілтедегі және генератордағы қосу шлангтерді сыммен емес, арнайы қамыттармен бекіту керек. Пісіру кезінде шлангтерді балқытылған металдың ұшқындарынан және шашырауларынан сақтау керек.

Электр пісіру кезінде өрттің мүмкіндігі жанғыш заттармен, ауа оттегімен және жандырғыш көзінің болуымен ескертілген. Электр пісіруде жандырғыш көзі мыналар болуы мүмкін: электр пісіру доғасының жалыны, ұшатын ұшқындар, қызған пісірілетін металл заттары және электрод қалдықтары, пісірілетін электр қондырғының ақаулығы кезіндегі жоғары температураға дейін қызған беті.

От жұмыстарын өткізу екі негізгі кезеңге бөлінеді: дайындау және оның орындалуына тікелей байланысты. От жұмыстарын дайындауға жауапты адамды инженер-техникалық қызметкерлерден тағайындайды. От жұмыстарының басталу алдында және оларды өткізу уақытында от жұмыстарын өткізетін жерге бақылау жүргізіледі.

От жұмыстарын ұйымдастыру кезінде оларды өткізу жерінен жанғыш заттарға дейінгі ара қашықтықты ескеру керек, өйткені қызған ұшқындар бірталай ара қашықтыққа ұшады.

Еден деңгейінен немесе жанындағы аумағынан пісіру нүктесінің биіктігі, м
0 2 3 4 6 8 10 10-нан көп
Тазарту аймағының
минимальды радиусы, м
5 8 9 10 11 12 13 14

Жылу аккумуляциясына қолайлы жағдайларда (еден асты, қабырғалардағы, далдалардағы тесіктер, қоқыс және т.б.) орналасқан жанғыш материалдарға түсетін ұшқындар ерекше қауіпті. Осындай жағдайлардағы жанудың жасырын дамуы бірнеше сағат, ал кейде тәуліктен көп жануы мүмкін.

От жұмыстарының басталуы алдында пісіруші оларды өткізу кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелері бойынша нұсқау беру керек. Нұсқауды от жұмыстарын өткізуге жауапты адам өткізеді.

От жұмыстары тұрақты өткізілетін жерлерде құмы бар жәшік, күрек, киіз, өрт сөндіргіштер (көбікті, көмірқышқыл) болу керек. Өрт сөндіргіш крандары бар жағдайда олардан от жұмыстарын өткізетін жерге дейін жең жолын өткізеді. От жұмыстарын бастау алдында судың барын және су құбыры жүйесінің қысымын тексереді.

От жұмыстарында қолданылатын газдардан кальций карбиді газогенератордың ішінде алынатын ацетиленді сөндіру үлкен қиындық тудырады. Осы жағдайда сөндіру кезінде инертті газдарды, көмірқышқыл газды, құмды қолданған лайықты. Осындай жағдайларда су тек жануды күшейтеді, өйткені су карбидқа түскенде ацетиленнің қарқынды түзілуіне мүмкіндік жасайды. Кальций карбиді болмаған жағдайда жанған ацетиленді басқа газдар сияқты өрт сөндіргіш крандарынан сумен немесе көбікпен сөндіруге болады.

От жұмыстарын өткізу кезінде болатын өрттердің ең таралған себептері:
- балқытылған металл ұшқындарының, шілтердің (кескіштің) жалынының және электрод қалдықтарының жанғыш конструкцияларға және материалдарға түсуі;
- жануы қиын конструкциялардың және технологиялық қондырғылар коммуникацияларының жасырын жанатын материалдардың өз-өзінен тұтану температурасына дейін қызуы;
- ашық жалыннан, қызған бөлшектерден және металдың қызған ұшқындарынан жарылып немесе жанатын бөлме ауасында жанғыш газдардың, шаңдардың, оңай жанғыш сұйықтықтардың және жанғыш сұйықтықтар буларының болуы.

Қауіпсіздік техникасы талаптарын бұзудың ең көп тараған түрлері:
- қондырғыны және жұмыс орнын жеткіліксіз дайындау;
- өртке қарсы шараларды өткізуге және орындауына жауапты адамның жұмыс орнын тастап кетуі;
- ақаулығы бар электр газ пісіру қондырғыны қолдану немесе оны дұрыс қолданбау;
- от жұмыстарымен үйлеспейтін басқа жұмыстарды өткізу.

Өртке қарсы нұсқауды өтпеген адамдарды от жұмыстарын өткізуге қатыстыруға тыйым салынады. Газэлектрпісіргіштерде, бензин кесушілерде от жұмыстарын жүргізуге рұқсат беретін арнайы біліктілік куәліктері болу керек. От жұмыстарына қатысатын барлық жұмысшылар өрт сөндірудің бастапқы құралдарын қолдана білу керек.

От жұмыстарын өткізу орындары тұрақтыға және уақытшаға бөлінеді. Тұрақты орындарға от жұмыстары күнде немесе үлкен емес үзілістермен өткізілетін жерлер жатады. Уақытша орындарға аз уақытта өткізілетін, қондырғыны авариялық-қалпына келтіріп жөндеумен, кесумен байланысты от жұмыстары жатады.

Пісіруші, кесуші, дәнекерлеушіге тек өрт қауіпсіздігінің барлық талаптарын (өрт сөндіру құралдарының болуы, жұмыс орнын жанғыш материалдардан тазарту, жанғыш конструкцияларды металл экрандармен және табақпен қорғау) орындағаннан кейін ғана от жұмыстарын өткізуге болады. От жұмыстарын өткізгеннен соң, оларды өткізуге жауапты адам жасырын жану ошақтарын анықтау үшін жұмыс орнын, сонымен бірге төменде орналасқан алаңдарды және қабаттарды мұқият тексеру керек және жанғыш конструкцияларға су құю керек.

От жұмыстарын өткізу кезінде тыйым салынады:
- ақаулы аппаратурамен жұмыс істеуге;
- жаңа боялған конструкциялар толық кепкенге дейін жұмыс жүргізуге;
- от жұмыстарында май іздері бар киімді және биялайларды қолдануға;
- пісіру кабиналарында киімді, жанғыш сұйықтықтарды және басқа оңай жанғыш сұйықтықтар мен заттарды сақтауға;
- электр сымдардың сығылған ауа және газ бар баллондармен жанасуына;
- жанғыш және уытты заттар толтырылған аппараттарды және коммуникацияларды пісіруге, кесуге, дәнекерлеуге;
- оттек және ацетилен баллондарынан, газ генераторларынан 10 м ара қашықтықта ашық отты қолдануға, темекі тартуға және сіріңке жағуға.

Электр пісіру жұмыстарын өткізу кезінде қайтымды желіні арнайы қысқыштармен немесе дәнекерлеп жабыстырумен бекітеді. Қайтымды желінің орнына ғимараттың металл конструкцияларын, технологиялық қондырғыны, жерге қондыру және нөлдендіру жүйелерін, темір жолдарын қолдануға тыйым салынады.

Электр пісіру жұмыстарын биіктікте өткізу кезінде астында ұшқындардың ұшуына және пісірудің шашырауына қарайтын адам болу керек. Электр пісірушілерде электрод қалдықтарын жинауға арналған темір жәшік болу керек. Пісіру желілерді престеумен, дәнекерлеп жабыстырумен немесе арнайы қысқышпен қосу керек.

Пісіру шеберханасында артық оттек және ацетилен баллондардың саны 5-тен көп болмау керек. Жұмыс орнында 2 баллоннан (жұмыс және артық) көп болмау керек. Ішіндегі газына байланысты баллондар әр түрлі түске боялады.

Егер баллондардың саны 5-тен көп емес болса, оларды жеке қойма бөлмелерінде немесе жанбайтын конструкциялардан жасалған және күн сәулелерінің тік түсуінен сақтайтын шатырдың астында сақтайды. Бөлмелерде жанғыш газы бар баллондар жылу жабдықтарынан және пештерден 1,5м кем емес ара қашықтықта, ал ашық оты бар жылу көздерінен 10 м кем емес ара қашықтықта орнатылу керек.



Кері қайту