Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі


Электр жарығынан және тұрмыстық электржылытқыш қондырғылардан болатын өрттердің алдын алу.

Электрден болатын өрттердің негізгі себебі - ол қысқа тұйықталу, желінің шамадан тыс жүктелуі. Осындай болмау үшін электр сымдарын жөн жағдайда ұстау керек, ал қысқа тұйықталудан және желінің торда шамадан тыс жүктелуінен (бірнеше электрқондырғыларды бірден қосу) болатын өрттердің алдын алу үшін тарату қалқаншада міндетті түрде заводта жасалған сақтандырғыштар болу қажет.

Егер электр желісіне жуан сымнан қолдан жасалған сақтандырғышты (“жучок”) қосса, онда қысқа тұйықталу кезінде ол ерімейді. Олай болса, “қорғанысы” істемейді және желі тоқтың астында қалады.

Осындай жағдайда сымдар ерігенше қызады, оқшаулауы тұтанады, от айналадағы жанғыш заттарға таралып, өрт басталады.

Сондықтан әрқашанда тек заводта жасалған сақтандырғыштарды қолдану қажет. Қысқа тұйықталу электрсымда да болу мүмкін. Сондықтан ол жөн жағдайда болу керек.

Өрт электр шамынан да болу мүмкін, оның вольфрам сымы қызған кезде көп жылу шығарады. Өрт болмау үшін электршамдар қағаз және мата абажурларға тимеу қажет.

Өрттер заводта жасалған тұрмыстық электрқондырғыларынан да жиі болады. Егер электр желісіне бірнеше осындай қондырғыларды бірден қосса, онда ол электрсымдарының шамадан тыс жүктелуіне және қызуына мүмкіндік береді. Оқшаулау тұтанып, от сым арқылы әртүрлі заттарға таралады. Егер дұрыс қолданбаса, өрт тек бір ғана электржылытқыш қондырғысынан (үтік, шәйнек, жылытқыш, т.б.) да пайда болуы мүмкін.

Сондықтан желіге қосылған қондырғыларды қараусыз қалдыруға болмайды және олардың қарауын кішкентай балаларға тапсыруға болмайды. Қондырғыны жанғыш заттардың үстіне қоюға болмайды, сонымен қатар перделер, ағаш қалқа және т.б. оңай жанғыш заттардың қасында қосуға болмайды.

Пештердің жөнделмегендігінен болатын өрттердің алдын алу.

Пешті жағудың өрт қауіптілігі неде? Біріншіден, отынды жаққан кезде пештің ішіндегі температура 600-800 градусқа дейін жетеді, одан пеш қабырғалары және түтіндік қатты қызады. Егер ғимараттың ағаш бөлшектері (арқалық, қалқа, еден, төбе және басқа жанғыш құрылымдар мен материалдар) пештің қабырғаларына және түтіндікке тығыз тиіп тұрса, кірпішпен тиісті бөлу болмаған жағдайда – онда олар жануы мүмкін.

Өрт болмау үшін пешті кірпіш немесе тас негізге орналастыру керек. Пештің түтін құбыры шатырдың немесе қабат аралық ағаш жабуынан өткен жерде кірпіш қалауы қалыңдау болу керек. Қалыңдалу құбырдың ішкі бетіне үйдің жанғыш элементтеріне дейін 38 см-ден кем болмау керек.

Егер пеш алдында ағаш еденнің үстіне өлшемі 50х70 см темір табақ қағып қоймаса, пештің аузынан түскен жанып жатқан көмірден өрт шығу мүмкін. Пештің есігін жауып және үлкендердің қарауымен ғана жағу керек.

Пештің алдына, үстіне, пеш пен қабырғаның арасына жанғыш заттарды қоюға болмайды. Пешті ұзақ жағуға болмайды, өйткені қабырғалар тым қызғаннан жарықшақтар пайда болады, олардан, әсіресе шатырда, шоқтар шығып, оңай жанғыш заттарға түсіп, өрттің шығуына себепкер болады.

Сондықтан түтіндіктің қабырғаларына мұқият саз жағып, ақтау керек. Егер түтіндікте жарықшалар пайда болса, ол бірден көрінеді, өйткені одан күйе шыға бастайды.

Кейбір тұрғындар пешті жағу үшін керосин немесе бензин қолданады, ал ол қайғылы жағдайға әкеліп соқтырады. Пешті жаққанда жанғыш сұйықтық лезде жанады, пештен от шығып, өрт пайда болады.

Пеш жағу маусымының алдында пешті және түтіндікті тексеріп, оларды жөндеп, күйеден тазалап, жарықшақтарды сылап, шатырдағы түтіндікті әктеу керек. Пештерді және түтіндіктерді жөндеуге және салуға мамандырылған адамдарды шақыру керек.

Өрт кеңейту бачоктың, құбырды құрастыру және оларды жылытудың қате құрылуынан болады. Көп жағдайда кеңейту бачоктар үйдің шатырында орналастырылады, ал кейбір адамдар оларды және құбырларды жанғыш заттармен жылытып, оларды жанғыш негіздерге құрады, осының бәрі өртке әкеп соқтырады.

Бачокта су қатқан кезде оны жылыту үшін алау, дәнекерлейтін шам қолданады. Осының нәтижесінде жылытқышқа шоқ түсіп, үйдің төбесі өртенеді.

Жүйеден су кеткеннен соң, пеш жағу кезінде будың шығуы басталады. Осындай жағдайда кеңейту бачок қатты қызып, жылытқыш жанады. Осы себептен өрт болмау үшін кеңейту бачокты жанбайтын негіздің үстіне орналастыру керек, бачокты және құбырды жанбайтын жылу оқшаулау заттармен жылыту керек.

Отты абайсыз қолданудан болатын (шылым шегу, алаулар, шырақтар, пілтелер, көмір, күл, т.б.) өрттердің қалай алдын алу.

Шылым шегуден және ашық оттан болатын өрттердің оңай алдын алуға болады. Тек қана әр тұрғын өртке қарсы тәртіпті сақтау керек және ұқыпсыздық неге әкеп соқтыратынын білу керек. Төсекте жатып шылым шегуге болмайды, өйткені ұйықтап қалып, жанып жатқан темекіден төсек орын жанып, өрт шығу қаупі бар.

Кейбір азаматтар қораларға, қоймаларға, шатырға кірген кезде шырақ жағады. Ашық отты пайдалану ерекше сақтықты талап етеді. Оны ұмытпау керек, өртке қарсы тәртіптің барлық ережелерін сақтау керек.

Шатырдың және жертөле бөлмелерге, сатыларға, дәліздерге, қоймаларға, қораларға және үй аймақтарына арналған өртке қарсы ережелер.

Шатыр бөлмелерін, сатыларды, дәліздерді әр түрлі қосалқы бөлмелер, шеберханалар орнына қолдануға болмайды, үй заттарымен бөгеп тастауға болмайды.

Шатырларды әрқашан тазалықта ұстау керек, бұл жерде заттарды сақтауға болмайды.

Шатыр бөлмелердегі түтіндіктер әктелу керек, терезелер шыныланған және жабық болу керек. Шатырға шығатын есіктер (люктер) жабық тұру керек. Ал оның кілті жақын пәтерде тұратын жауапты адамдарда болу керек.

Шатырларда, қоймаларда, қораларда шылым шегуге және ашық отты қолдануға болмайды.

Аулада, бақтарда, иен далада қоқыс және алауларды жағуға болмайды.

Сыртқы өрт сөндіру сатыларға және гидранттарға өту жолдары әрқашан бос болу керек, ал қыс кезінде қардан және мұздан таза болу керек.

Өртке қарсы тәртіпті әсіресе тұрғын үйлердің жертөлелерінде қатал сақтау керек, өйткені олардың ішінде өрт пайда болған жағдайда оны сөндіру қиынға түседі. Жертөлелерде өрт түтіннің көп мөлшерде шығуымен өтеді, ол сатылармен, әр түрлі ойықтармен пәтерлерге кіреді және адамдардың эвакуациясын қиындатады және адамдардың өлуіне себеп болады.

Сондықтан тұрғын үйлердің жертөлелерін қоқыспен толтыруға болмайды. Тек қана тоқ жарығын қолдану керек. Ашық отты пайдалануға болмайды, жертөлеге балаларға кіруге болмайды. Жертөле есіктері құлыпқа жабылу керек.

Осы ережелерді сақтап қана шатыр және жертөле бөлмелерде, қораларда, қоймаларда, аула аймағында өрт болу қауіптілігін жоюға болады.




Кері қайту