Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Сынаппен уланған кезде тұрғындардың іс-әрекеттері


Сынап – бұл бөлме температурасында айтарлықтай ұшатын, суда ерімейтін сұйық ақ күміс түсті металл. Қатты түрінде түсі ақ, қақталған болады, химиялық тұрақты. Құрғақ күйінде тотықпайды, дымқыл күйінде – оксидтердің сұр қабыршағымен жабылады. «Царская арағында» (азот қоспасы және тұз қышқылы), азот қышқылында, ыстық қойылтылған күкірт қышқылында ериді.

Сынапты катодтар жасау, күйдіретін сілтіні және хлорды электрхимиялық жолмен жасаған кезде, сынапты вентильдер жасау, газ разрядты жарық көздері (люминесценцияға негізделген және сынапты шам), жоғары вакуумдық насостар, бақылау-өлшегіш аспаптар (термометрлер, барометрлер, манометрлер) үшін пайдаланылады.

Өнеркәсіптің қарқынды дамуына байланысты, қоршаған ортаға сынаптың түсуі айтарлықтай өсуде. Сонымен, 20 ғасырда жағылған көмірден жердің бірлік көлеміне сынаптың салмағы шамамен 10 есеге өсті. Атмосфераға жыл сайын 500 тонна түседі.

Сынаппен қоршаған ортаны ластаудың маңызды көзі сарқынды сулар болып табылады. Техногенді шашырайтын сынап (күйік иіс, суда еритін тұздар, органикалық қосындылар) экологияға өте қауіпті. Ол жауын-шашынмен шайылады, табиғи айналымға кіріп жерге сіңеді, өсімдіктерге, жануарларға сіңеді.

Сынаптың буымен қатты улану кеніштердегі авариялармен немесе қауіпсіздік техникасын күрделі бұзушылықтарымен байланысты болады. Сынаппен уланудың клиникалық көрінісі 8-24 сағатта дамып, жалпы әлсіздік, бастың ауруы, жұтынған кезде ауруы, температураның жоғарылауы, тыныс алу жолдарының қабыну құбылыстары түрінде білінеді. Содан кейін қызылиек, іш аура бастайды, асқазан бұзылады, кейде өкпенің қабыну жағдайлары кездеседі. Өліммен аяқталған жағдайлар да кездескен. Созылмалы улану дамиды және ұзақ уақыт аурудың айқын белгілерінсіз өтеді. Содан кейін шаршағандық, әлсіздік, ұйқышылдық, енжарлық, тез әсерленгіш, бас ауруы, бастың айналуы пайда бола бастайды. Сонымен қатар аяқ-қол ауырлап, барлық дене дірілдей бастайды. Психикалық қозғыштық пайда болады, жиі есте сақтау қабілетінің нашарлауы байқалады.

Сынаптың буы және оның қосындылары бөлінетін орын-жайларда тамақты сақтау және ішу, сонымен қатар шылым шегуге болмайды. Мұндай жерде жұмыс істеп болғаннан кейін киімді ауыстырып, душ қабылдап, перманганат калий 0,25% ертіндісімен ауызды шайып және тісті тазалау керек.

Берілген нормадан асатын (0,01 мг/3 бастап 10 мг/м3 дейін) концентрация кезінде будан сақтану үшін сүзгіш газқағарды және респираторды қолдану керек.

Егер ауыр қатты уланған жағдайда сумен ауыз арқылы асқазанды шайып тастау керек, содан кейін зардап шеккенге сүт, жұмыртқаның ағын сумен көпіршітіп, содан кейін іш жүргізетін ұнтақ беруге болады. Қатты, әсіресе ингаляциялық уланған кезде, зардап шеккен зақымданған аймақтан шыққаннан кейін тыныштықта қалдырып ауруханаға жатқызу керек.





Кері қайту