Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Кравченко Сергей

26 маусым 2018
#

2007 жылы 11 мамырда 20 сағат 20 минутта «ӨСжАҚЖҚ» ММФ 5-ӨСБ аға өрт сөндіруші ішкі қызмет аға сержанты Сергей Сергеевич Кравченко, қызмет өткеруден бос уақытында Қарағанды қаласында өзінің жеке автомобилімен келе жатып Н. Әбдіров даңғылы бойынша №9 тұрғын үйдің 2-ші қабаттағы терезесінен шығып жатқан түтінді көріп қалған. Ол ойланбастан түтіннің шығу себебін анықтауға шешім қабылдады. Ғимаратқа кіріп барлау жүргізгеннен кейін, ол екінші қабатта орналасқан №114 бір бөлмелі пәтерде өрт болып жатқанын анықтаған. Жоғары қабаттардың тұрғындары түтін алып кеткен подъезд арқылы пәтерлерінен шығуға тырысты. Жанып жатқан пәтерде қартайған үй иесі А.З. Тимонин болған.

Жағдайды бағалап, ішкі қызмет аға сержанты С.С. Кравченко көршілері арқылы өртке қарсы қызметті шақырып, өзі дымқыл орамалмен дем алу жолдарын жауып, жанып жатқан пәтерге кіріп, азамат А.З. Тимонинді далаға шығарған.

Содан кейін С.С. Кравченко түтін алып кеткен подъезге қайтып келіп, жоғары қабаттағы пәтерлерді аралап шығып, өртке қарсы қызмет келгенше пәтерлерінде қалу қажеттілігі туралы ескерткен. Сонымен, тұрғындардың жағдайларын сұрап, оларға қалыптасқан жағдайда өзін қалай ұстау керектігі туралы сауатты кепілдемелер бере отырып, тұрғындардың үрейлі қорқынышын басқан. 20 сағат 29 минутта өрт орнына 1-ӨСБ кезекші қарауылы келген. С.С. Кравченко ӨСБ жағдайды түсіндірді, бұл өртті сауатты және жедел сөндіруге және тұрғындарды эвакуациялауға мүмкіндік берді. ГТҚҚ звеносы қатысты, «Б» екі оқпаны берілді, түтінді жою ұйымдастырылған. Аз уақытта өртке қарсы қызметтің қызметкерлері тағы бір адамды құтқарған және жоғары қабаттардан 11 тұрғын (оның ішінде автоссатыны қолданып) эвакуацияланды. Қолданылған шаралармен 20 сағат 37 минутта өрт тежелді, ал 20 сағат 48 минутта жойылды.

Ішкі қызмет аға сержанты С.С. Кравченко құтқарған зейнеткер Александр Захарович Тимонин 1939 жылы туған, ол Мақажанов атындағы аурухананың күйік бөлімшесіне беті, аяқ, қолдары 2-3 дәрежелі термиялық күйік алу диагонзымен жатқызылды.

С.С. Кравченко «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалімен марапатталды.



Кері қайту