Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Бичин Андрей Валерьевич

7 қараша 2013

Бичин Андрей Валерьевич

Сұрыптаудағы үйлердің бірін қираудан құтқару кезінде 16-ӨСБ бастығының 30 жастағы орынбасары ерлік пен батылдық көрсетті. 2005 ж. 27 тамызда 12:51 сағатта «ӨСжАҚЖҚ» ММ филиалының 16-шы өрт сөндіру бөлімінің байланыс пунктіне Қарағанды қаласы, Сұрыптау кенті, Локомотивная көшесі, 39/1 мекенжайындағы жеке меншік тұрғын үйдегі өрт туралы хабар келіп түсті. 16-шы өрт сөндіру бөлімінің күштері мен құралдары бұл уақытта басқа өртте болғандықтан («Литейщик» саяжай қоғамы), бөлімнің радиотелефонисті алған мәліметті Қарағанды облысының өрт байланысының орталық пунктіне жіберді. ӨБОП-ның бұйрығымен өрт болған жерге Қарағанды қаласы гарнизонының екі жақын орналасқан бөлімшесінің (Майқұдық кенті) жеке құрамы жіберілді.

Осы уақытта бөлімшеде болған 16-шы өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары ішкі қызмет майоры А.В. Бичин жердің қашықтықтығын және көрсетілген күштер келуге көп уақыт кететіндігін ескере отырып, және де өрт жағдайын білу, оны сөндіру жолдары мен тәсілдерін анықтау үшін шақырған жерге өз автомашинасымен барды. Бес минуттан соң ол өрт болған жерде барлау жүргізіп жатты. Нәтижесінде ол 4 бөлмелі тұрғын үйдің ас үйінде газ плитаның ішінде газ баллоны ашық жалынмен жанып жатқандығын анықтады. Ал үй иесі әйел үйде екі жас бала қалғандығын хабарлады. А.В. Бичин ойланбастан дала жақтан жатын бөлменің терезесін сындырып, үйдің ішіне еніп, 2 жас баланы құтқарды. Газ баллонның плитада тұрып, оған қол жетпеуінен жануды тоқтату мүмкін болмады. Ол қолын дымқыл орамалмен орап алып, баллонды ұстап, далаға шығарды. Далада матрастармен, еден сүрткіштермен Бичин баллонның жануын тоқтатты. Андрей Валерьевич 1,2,3 А ауырлық дәрежелі беті мен қолынан күйік алды және Мақажанов атындағы клиникаға жеткізілді. Кейін Бичин А.В. «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалімен марапатталды.



Кері қайту