Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Бганин Александр Николаевич

26 маусым 2018

8 наурыз, мерекелік күн. Таң. Қарағанды облысының ТЖД Саран қаласының ТЖ бөлімінің инженері өртке қарсы қызмет майоры Бганин Александр Николаевич Қарағанды қаласының 21 ықшам ауданында орналасқан гараждар қоғамдастығының жанынан өтіп бара жатып, гараждардың бірінің қасында абыржып сасқалақтап тұрған әйелді көрді. Әйел одан көмек сұрады. Оның айтуынша гаражға бір жарым сағат бұрын ұлы кіріп кетіп, есікті ашпай отыр, гараждан жұмыс істеп тұрған қозғалтқыштың дауысы естіледі. Әйел ұлының мас күйде болуы мүмкін екендігін айтты.

Жағдайды және ер адамның гаражда болу уақытын бағалап, әр минуттың қымбат екендігін түсінді. А. Бганин кілтпен есікті ашпақ болды, бірақ кілттің ескіргендігінен және қырларының қажалып қалғандығынан аша алмады. Қандай да бір аспаппен ашу керек болатын, бірақ таңертең ерте көршілес гараждардың иелері орындарында болған жоқ. Есікті таяқтың көмегімен ашпақ болған әрекеті зая болды. Ал уақыт өтіп жатты. Александр әйелге жедел қызметтерді шақыруын өтінді, ал өзі есікті әрі қарай ашуға әрекеттенді. Көп кешікпей әйелдің немересі көмекке келді, екеуі тауып алған арматуралық сүйменмен есікті ашты. Гаражды ащы улы түтін алып кеткен.

«Волга» автомобилінің алдыңғы отырғышында ес-түссіз күйде ер адам отырды. Ер адамды далаға шығарғанда тамыры әлі соғып тұрған. Александр Николаевич жедел жәрдемнің келуін күтпей, ер адамды қолдан дем алдырып, жүрегіне массаж жасады. Оқиға орнына келген жедел жәрдем дәрігерлері ер адамның өмірін сақтап қалу үшін көрсетілген көмекті жоғары бағалады. Ер адам реанимацияға жеткізілді. Қазіргі уақытта оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ

Александр Бганин батыл және дұрыс әрекетінің арқасында адамның өмірін сақтап қалды, ал анасына 8 Наурызға баға жетпес сыйлық жасалып, «ұлы екінші рет өмірге келді».

Александр Бганин батыл және дұрыс әрекетінің арқасында адамның өмірін сақтап қалды, ал анасына 8 Наурызға баға жетпес сыйлық жасалып, «ұлы екінші рет өмірге келді».

ҚР ТЖ министрі В.К. Божконың 2009 жылғы 31 наурыздағы №199ж/қ бұйрығымен адам өмірін құтқару кезіндегі табанды және шебер әрекеті және көрсеткен ерлігі үшін Қарағанды облысының ТЖД Саран қаласы ТЖ бөлімінің инженері өртке қарсы қызмет майоры Бганин Александр Николаевич «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалімен марапатталды.



Кері қайту