Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Седов Юрий Михайлович

7 қараша 2013

Әр адам мамандыққа әрқалай келеді: біреу ата-аналардың кеңесімен, біреу өнерлі үгіт көмегімен, біреу әулеттің ісін жалғастыруға, ал Юрий Седов жұмыстың жоқтығынан өрт сөндіруші қызметіне барды. Бір жағынан қайратты да қажырлы күшін сынамаққа бел буды. 2000 жылы әскерден қайтып келіп, ол ұзақ уақыт жұмыс таба алмай жүрді. Юрий – еңбекқор жігіт, бірақ жұмыс берушілерге жоғары білім, жұмыс өтілі керек. Кісідегінің кілті аспанда демекші бұлардың ешқайсысы болмағандықтан, жас жігітті жұмыс іздеп барған жерлерінің барлығы қайтарып жіберіп отырды.

Седовтар отбасының кейбір мүшелері өртке қарсы қызмет органдарында жұмыс істеген. Сондықтан, ағатайларының біреуі жиенінің бітпейтін сергелдеңін көріп, өрт сөндіру күзетінің кадр бөліміне кіріп шығуын ұсынды. Юрий кішілік ілтипат танытып, ағасының кеңесіне ерді.

Осылай ол Қарағанды қаласының теміржол ауданының Сұрыптау станциясындағы 16-ӨСБ күзетінің өрт сөндірушісі болды.

«Сол кезде маманның біразының түсінігі менікіндей болды – деп Юрий ағынан жарыла әңгімесін бастады, Себебі ол уақытта жастар арман қуып, жүрегі қалаған қызметке қол жеткізе алмады. Шарасыздықтан қолға түскен жұмысты таңдамастан істей берді. Бірақ басында өрт сөндіруші болып жұмыссыздықтан жұмысқа кірсем де, кейіннен бұл мамандық менің ең сүйікті қызметіме айналды. Оттан құтқарған үйлердің риза тұрғындарынан қарапайым «рахметті» естігеннен кейін, төмен еңбек жалақыда, сол кездегі тұрмыстық жағдайдың төмендігі де екінші орында қалды. Қарапайым адамдардың алғыстарын естіп, игі іспен айналысу мен үшін үлкен ғанибетке айналды. Сол кезде тағдырымның осы мамандықтың арнасына бұрғанына ризамын. Ал бүгінгі таңда өрт сөндірушілік қызметтен басқа қызметті істей алмайтын сияқтымын, себебі бұл менің сүйікті мамандығыма айналды.

Әрине өрт сөндірушілерді жамандайтындар да табылып жатады. Ренішті жазғыруларды бірнеше рет естігенбіз. Бірақ бұл көбінесе біз өзіміз электрэнергиясын сөндіруге мүмкіндігіміз болмай, энергия қызметін тосып тұрғанда болады. Әрине осы күту сәттерінде от күшейіп, одан да үлкен алаңға жайылып, өрши түседі. Өрт сөндірушілер авариялық қызметтердің мамандарын күтуде амалсыз әрекет жасай алмай тұрғанда шарасыз адамдардың көз алдында олардың барлық мүлігі құрып жатады. Сондықтан пәтерлері, меншік ғимараттары, үйлері өртке оранған адамдардың сезімдерін түсінуге болады және олардың бізге айтқан айбарлы сөздеріне түсіністікпен қараймыз. Мен оларға ренжімеймін. Олардың орнында болудан Алла сақтасын!» - дейді Седов.

Міне Юрий Седов Қарағанды қаласының орталық өрт сөндіру бөлімдерінің біреуіне аусқанына аттай 5 жыл болды. 1-ӨСБ шығу аймағы үлкен болмаса да, жаңа салынған құрылыс нысаналары бір-бірімен өте тығыз орналасқан. Халыққа қызмет көрсету нысандары саны көп (сауда, денсаулық сақтау және т.б.).

Өртке қарсы күресу қызметінде жұмыс атқарған 10 жылда қаншама өртті жоюға қатысқанын Юрий санаған жоқ. Кез келген өрт өзіндік бір дәрежеде өмірге аса үлкен қауіп төндіретіні ақиқат.

-«Бірақ, неге екенін білмеймін, көптеген өрттің ішінен тек біреуі ғана менің есімде қалды. Сол өртте мен шынымен қорықтым.» - дейді Юра.

«Мамыр айының жайма шуақ күні болатын. Сұрыптау станциясының екі қабатты ағаш үйлерінің біріне тілсіз жау тиіп, өрт алауы басталып кетті. Пәтерлердің бірінде жиһаздар мен заттар өртеніп жатты... біз пәтерге кіргенде екі ұйықтайтын бөлме жанып жатты. Бірден өртті сөндіруге кірістік. 20 минут өткен соң әріптестерімнің біреуі менің қасыма келіп, ас үйде ашық түрде газ баллонының жанып жатқандығын айтты. Міне, осы кезде мен шынымен қорықтым. Өзім үшін де, әріптестерім үшін де қатты қобалжыдым. Тіпті, қорқыныштан аяқ-қолым байланып қалды. Себебі өрт басталғалы жарты сағат өтті, ал газ баллоны мұнша уақытта кез келген сәтте жарылуы мүмкін еді. Сол жолы біздің жігіттер баллонды суытып далаға алып шығара алды. Бұл өте қауіпті іс-әрекет еді. Құдайға шүкір, ешкім зардап шеккен жоқ.»

Юрий Седовтың айрықша табандылық пен ерлік көрсеткен соңғы өрт сөндіру жағдайы 2010 жылдың қаңтар айының бесінші жұлдызында Қарағанды қаласының Ержанов көшесінің 20-шы үйінде болды.

Қаланың орталық көшелерінің бірінде орналасқан үйдің екінші қабатындағы екі бөлмелі пәтер өртеніп жатты. Өрттің соншалықты қарқынды түріне қарап, жоғары қабаттардағы тұрғындарға да зияны тиер деген қауіп туды. Подъезд арқылы тұрғындар тысқа шыға алмады. Себебі подъезд де өртке оранып жатқан еді. Сол себепті тұрғындар тысқа балкон немесе терезелері арқылы өрт сөндірушілердің көмегімен шықты. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келісімен Ю.В. Седов басқарған бөлімше тұрғындарды құтқару жұмыстарына бірден кірісіп кетті. Осы кезде өртеніп жатқан үйдің айналасына жиналған бір топ адамның ішінен Седовтың қасына бір азамат келеді.

«Анау жақта, үйдің екінші бетінде бесінші қабаттың пәтерінен бір әйел адам баласы мен өзін құтқаруды сұрап жатыр. Ол баласы тұншығып қалады деп қорқуда» - дейді ер адам.

Қарама қарсы бетке автосатыны орналастырады да, Юрий бесінші қабаттағы пәтерге көтеріледі.

Анасының қолынан баланы ақырын алып, Юра төмен түседі. Түсіп бара жатып «тек құлатып алмасам екен» деген ойда болады. Бала биіктіктен қорықпасын деп өзіне қаратып ұстады. Бұл балаға ұнамаса керек жылай бастады. «Тыныш, тыныш кішкентайым, жылама!»-деп тыныштандырды. Негізі Юраның балалармен сөйлесу, араласу тәжірибесі мол болатын, себебі көптеген немере жиендері, жолдастарының балалары Юраны өте жақсы көретін.

Жерге түскен соң Юра баланы жақындарының біріне берді. Бөлімше командирі баланың амандығына көз жеткізгеннен кейін әріптес жолдастарына көмекке кетті. Сол күні ол автосаты жүргізушісімен бірге төртінші қабаттағы 7-жасар баланы және өрт болған пәтердің үстіндегі үшінші қабаттағы бір баланы құтқарып алды. Сондай-ақ өрт сөндіру қызметкерлері бесінші қабаттағы пәтер алдынан иіс тиіп талып қалған қыз баланы тауып алып, жедел жәрдем қызметкерлеріне табыстап, баланы аман алып қалды.

Жедел және кәсіби деңгейде қолданылған іс-шаралардың арқасында аздаған уақыт ішінде тілсіз жау тоқтатылды. Өртке тосқауыл болған өз ісінің мамандарына тұрғындар алғысын жаудырып жатты.

Өз күзетінің кезегінде Юрий Седов айрықша белсенділік танытты. Бұл бос сөз емес. Мұндай анықтаманы аталмыш бөлімшеде сауалнама жүргізген психологтар растады. Юраның ұжымындағы ер азаматтардың айтуынша «Юра сияқты адаммен барлауға шығу да, жертөлеге бару да, биік ғимараттардың үстіне шығу да қорқынышты емес» - дейді әріптестері. Юра Седов өз жолдастарына кез келген қиын кездерде көмек көрсетуге әрдайым дайын. Ол бірнеше жылдар қатарынан көптеген облыстық конкурстарға қатысып жүрді. Бірнеше рет «Өз мамандығының иесі» атағының жеңімпазы болды.

Өзінің қайсар әрекеті үшін Ю.В. Седов Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасы «Ерлігі үшін» медалімен марапатталуға ұсынылды. Ортамызда жүрген қайсар да қарапайым Юра сынды жігіттерді бағалай білейік құрметті оқырман.





Кері қайту