Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

2019 жылдың 10 айында Қарағанды облысының аумағында болған төтенше жағдайлар және оқиғалар туралы ақпараттық шолу

8 қараша 2019
2019 жылдың басынан Қарағанды облысының аумағында барлығы 1359 оқиға тіркелді, өткен жылмен салыстырғанда 1,6%-ға азайды, 2018 жылы – 1381, соның ішінде 50  техногендік және табиғи  сипаттағы төтенше жағдайлар өткен жылдың есеп беру кезеңімен салыстырғанда  51,5%-ға өскен  (2018ж. – 33  төтенше жағдайлар тіркелген).
Төтенше жағдайлар барысында 39 адам зардап шекті, өткен 2018 жылмен салыстырғанда 13,3%-ға азайды, 2018 жылы 45 адам. Ағымдағы жылда қайтыс болған адамдар саны 29, өткен жылмен салыстырғанда  23,6%-ға азайды, 2018 жылы  38 адам.
Департамент бөлімшелерімен («ӨСжАҚЖҚ» ММ, «ЖҚЖ» ММжәне «Медицина катастрофалық орталығы» ММФ) 8940 жедел шығу жұмыстары жүзеге асырылды (2018ж. – 6764;  32,1%-ға өскен), соның барысында – 1530 адам құтқарылды (2018ж.-1468;  4,2%-ға  өскен), 2649  адам көшірілді (2018ж. –3361;  21,1%-ға  азайды) және 380 адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді (2018ж. –381;   0,2%-ға  азайды), оның ішінде:
- тұрмыстық сипатта – 165  (2018.-194;   14,9%-ға  азайды);
- авариялық құтқару жұмыстары– 1379 (2018ж.-1172;   17,6%-ға  өскен);
- іздестіру-құтқару жұмыстары - 82 (2018ж. – 49;  67,3%-ға  өскен);
- жол көлігі оқиғалары – 218 (2018ж. – 168;   29,7%-ға  өскен);
- өртке 1389 (2018ж. –1438;   3,4%-ға  азайды);
- өрт  ретінде  есеспке  алуға  жатпайтын  өрт оқиғалары -  5707, (2018ж.–3743; 52,4%-ға  өскен);
Оқиғалардың басым бөлігі өртті құрайды, ағымдағы жылда барлығы 1331 өрт тіркелген, өткен жылмен салыстырғанда 2,3%-ға азайды, 2018 жылы  1363 өрт болған.
Тіркелген жалпы санынан өрттің негізгі пайызы тұрғын секторға келеді - 832, өткен жылмен салыстырғанда  11,5%-ға  азаюы байқалады, 2018 жылы барлығы 940 өрт болды. Сонымен қатар, ең көп өрттер саны көлікте болған, 282- оқиға тіркелген,  2018 жылы 229 оқиға, өткен жылмен салыстырғанда  23,1%-ға артық. Әкімшілік-қоғамдық ғимараттарда – 35 өрт  болды, 6,1%-ға  өскен  байқалады, 2018 жылдың ұқсас кезеңінде  – 33 өрт болған. Сауда-саттық объектілерінде өрттің  азайуыбай  қалады,  33 оқиға тіркелді, өткен жылмен салыстырғанда  26,7%-ға  азайған, 2018 жылы – 45 өрт болды.Ғимататтарда және өндірістік  ғимараттарда – 39  оқиғалар болды, өткен жылымен салыстырғанда  8,3%-ға  өскен, 2018 жылы 36  өрт болған
Өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарда – 35 оқиға, өткен жылмен салыстырғанда өрттер саны өзгерген жоқ.
Өрттердің негізгі себебі болып:
1)    Отпен абайсыз болу оқиғалары – 536,  өткен жылдан 12,3%-ға  азайған, 2018 жылы – 611 оқиға тіркелген.
2)    Монтаждау және электр құрылғыларын техникалық көшіру ережелерін бұзу бойынша барлығы  449 оқиға тіркелді, өткен жылмен салыстырғанда  2018ж.-414,  8,5%-ға  өскен.
3)    Пештерді орналастыру және пайдалану кезінде ӨҚЕ бұзушылығы – 161  оқиға тіркелді, 2018 жылы 155 оқиға орын алды, өрттер  3,9%-ға  азайған.
Қалған өрт оқиғалары қасақана өртеу, тұрмыстық электрлік құралдарын көшіру кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін бұзу және т.б. болып табылады.
Өрттен  материалдық шығын  5,2  есе  өскен, 2019 жылдың шығын сомасы 152 млн. 788 мың 300 теңгені құрайды, 2018 жылдың ұқсас кезеңінде шығын  29 млн. 436 мың 300 теңгені құраған.  
Осы жылдың өткен кезеңінде – 6702 өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу анықталған, өткен 2018 жылмен салыстырғанда – 3733,  79,5%-ға өскен. Әкімшілік жауапкершілікке тартылғандар саны – 930, 2018 жылы - 1412,  34,1%-ға азайған,  айыппұл  түріндегі  сомасы  8 305 633  теңгені  құрайды, 2018ж. – 12 560 243  33,8%-ға  азайған.
 2019 жылдың ағымдағы кезеңінде облыстың Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызмет басқармасымен  249 155  қоңырау  қабылданды, 2018 жылы 241 582 қоңырау қабылданған  3,1%-ға  өскен  құрайды, оның ішінде:
- негізгі қызмет бойынша «112» нөміріне – 25 052  қоңырау шалынды, 2018 жылы – 25 854  қоңырау шалынған (3,1%-ға  азайған);
- «101»-ге  – 1 699 қоңырау түскен,  2018 жылы–5 475 қоңырау түскен (69%-ға  азайған);
- «102»-ге  – 12 390 қоңырау түскен, 2018 жылы – 14 274 қоңырау түскен (13,2%-ға  азайған);
- «103»-ге – 10 961 қоңырау түскен, 2018 жылы – 9 179 қоңырау (19,4%-ға  өскен);
- ақпараттық-анықтамалық сипатта – 125 306  қоңырау түскен, 2018 жылы – 101 737 (23,2%-ға  өскен);
- басқада – 73 747 қоңырау түскен, 2018 жылы – 85 063 қоңырау түскен (13,3%-ға  азайған).


Кері қайту