Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

«ҚР ІІМ ТЖК Қарағанды облысы ТЖД ӨСжАҚЖҚ (Қарағанды қаласы)» ММ азаматтық қорғау органы қызметкерлерінің бос лауазымдарына алуға конкурс өткізу туралы хабарлайды

11 сәуір 2019
Азаматтық қорғау органы қызметкерлерінің лауазымдық жалақысы: қызмет өтіліне байланысты C-SGU-11 дәрежесі min-63178,29т., max-85653,48т.;
«ҚР ІІМ ТЖК Қарағанды облысы ТЖД ӨСжАҚЖҚ (Қарағанды қаласы)» ММ азаматтық қорғау органы қызметкерлерінің бос лауазымдарына алуға конкурс жариялайды. Құжаттарды қабылдау мерзiмi: 2019 жылғы 11 сәуірден 2019 жылғы 
24 сәуірге дейін қабылданады. Құжаттарды қабылдау орны: 100027, Қарағанды қ. Ерубаев к. 25, анықтама үшін телефон: 8 (7212) 41-30-18ф, электрондық адрес: spasr_karg@emer.kz .
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуден, медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, оның ішінде полиграфологиялық зерттеуден табысты өткен, әскери-дәрігерлік комиссия қызметке жарамды деп таныған және конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін «ҚР ІІМ ТЖК Қарағанды облысы ТЖД ӨСжАҚЖҚ (Қарағанды қаласы)» ММ кадр қызметіне қажетті құжаттарды тапсырған Қазақстан Республикасының азаматы конкурсқа қатысушы болып табылады.
1. Кадр жұмыс бөлімінің бас маман (әлеуметтік демалыс кезеңіне) (C-SGU-11 дәрежесі)-1 бірлік.
Функционалдық міндеттері: қызметкерлерді іссапарлау, қызметте жоғарылату, ауыстыру, лауазымдарға тағайындау, босату, жұмысқа қабылдау бойынша бұйрық жобаларын, ІІМ, ТЖК, ТЖД нұсқауларын, нормативтік-құқықтық актілерін жүзеге асыру нәтижелері бойынша есеп материалдары мен ұсыныстарын, кәсіби және мемлекеттік мерекелерге орай марапаттауға берілген қызметкерлердің марапаттау материалдарын дайындайды.
Конкурсқа қатысушыға талаптар: жоғары. 
Жасы отыз бес жастан аспаған, Қорғаныс министрлігінде әскери-оқу қоры дайындығы бойынша әскери қызмет пен әскери дайындық өткендер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылған азаматтар қабылданады. 
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар.
Кадр қызметіне қолма-қол тәртіпте құжаттарды қабылдаудың белгіленген мерзімдерінде қоса берілетін құжаттар тізбесін көрсете отырып, құжаттар тігетін мұқабатыста орналастырылған мынадай құжаттарды тапсырады:
1) өкілетті органнан белгіленген нысанды өтiнiш;
2) өкілетті органнан белгіленген нысанды сауалнаманы; 
3) өкілетті органнан белгіленген нысанды кадр есебi бойынша толтырылған жеке iс парағын; 
4) өкілетті органнан белгіленген нысан бойынша өз қолымен жазылған және басылған түрде толық толтырылған өмірбаянды; 
5) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;
6) еңбек қызметін растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмесiн (болған кезде);
7) әскери билеттің немесе шақыру учаскесіне тіркелгені туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшiрмесiн (қолда бар болса);
8) кандидаттың соңғы жұмыс (оқу) орнынан немесе әскери қызметін өтеген әскери бөлімнен мінездемені; 
9) 3х4см өлшемдегі төрт фотосуретті;
10) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін; 
11) Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша адамның қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны туралы мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтаманы;
12) біліміне, жұмыс тәжірибесі мен кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми (академиялық) дәрежелер мен атақтар беру туралы, спорттық жетістіктерін дәлелдейтін құжаттардың, мінездемелердің, ұсынымдардың, ғылыми жарияланымдардың және тағы басқаларының көшірмелерін) (болған кезде) тапсырады. 
Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы оларды қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады. Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
C-SGU-11 санаттары үшін, бос лауазымдарға орналасуға арналған конкурстың өту тәртібі: 
1. Азаматтардан құжаттар қабылдау және олардың лауазымдарға қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн алдын ала қарау;
2. Кандидаттардың дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді тапсыруы; 
3. Конкурстық комиссия кандидаттармен өткізетін әңгімелесуі.
Конкурстың ережелері мен шарттары Қарағанды облысы ТЖД fireman.kz сайтына қойылған.



Кері қайту