Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

2019 жылдың 2 айында Қарағанды облысының аумағында болған төтенше жағдайлар және оқиғалар туралы ақпараттық шолу

26 наурыз 2019
2019 жылдың басынан Қарағанды облысының аумағында барлығы 250 оқиға тіркелді, өткен жылмен салыстырғанда 10%-ға азайды, 2018 жылы – 278, соның ішінде 6 техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар өткен жылдың есеп беру кезеңімен салыстырғанда 45,4%-ға азайды (2018ж. – 11 төтенше жағдайлар тіркелген).
Төтенше жағдайлар барысында 8 адам зардап шекті, өткен 2018 жылмен салыстырғанда 52,9%-ға азайды, 2018 жылы 17 адам. Ағымдағы жылда қайтыс болған адамдар саны 5, өткен жылмен салыстырғанда  64,2%-ға азайды, 2018 жылы 14 адам.
Департамент бөлімшелерімен («ӨСжАҚЖҚ» ММ, «ЖҚЖ» ММжәне «Медицина катастрофалық орталығы» ММФ)  965 жедел шығу жұмыстары жүзеге асырылды (2018ж. – 938; 2,8%-ға өскен), соның барысында – 200 адам құтқарылды (2018ж.-247;  19%-ға  азайды), 339 адам көшірілді (2018ж. – 370;   8,3%-ға  азайды) және 29 адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді (2018ж. – 56;   48,2%-ға  азайды), оның ішінде: 
- тұрмыстық сипатта – 31  (2018.-33;   6%-ға  азайды);
- авариялық құтқару жұмыстары – 217 (2018ж.-225;   3,5%-ға  азайды);
- іздестіру-құтқару жұмыстары - 9 (2018ж. – 3;  3  есе  өскен);
- жол көлігі оқиғалары – 33 (2018ж. – 16;   2  есе  өскен);
- өртке 278 (2018ж. –330;   15,7%-ға  азайды);
- өрт ретінде есеспке алуға жатпайтын  өрт оқиғалары -  225, (2018ж.–218;  +3,2%-ға  өскен);
Оқиғалардың басым бөлігі өртті құрайды, ағымдағы жылда барлығы  248  өрт тіркелген, өткен жылмен салыстырғанда 9,5%-ға  азайды, 2018 жылы 274өрт болған. 
Есеп беру кезеңінде тұрғын үй секторларында өрттің өсуі байқалады, 153 – оқиғалар тіркелген, өткен жылмен салыстырғанда  17,3%-ға  азайған, 2018 жылы барлығы  185 өрт болды. Өрттердің басым бөлігі көліктерде болған, 52 оқиға тіркелген, 2018 жылы 50 оқиға тіркелген, өткен жылмен салыстырғанда 4%-ға  өскен. Әкімшілік-қоғамдық ғимараттарда – 8 өрт  болды, 20%-ға  азайған   байқалады, 2018 жылдың ұқсас кезеңінде  – 10 өрт болған,  сонымен қатар сауда-саттық объектілерінде өрттің  азайуыбайқалады,  5 оқиға тіркелді, өткен жылмен салыстырғанда  37,5%-ға  азайған (2018 жылы – 8 өрт болды). Ғимататтарда және өндірістік  ғимараттарда – 13 оқиғалар болды, өткен жылымен салыстырғанда  30%-ға  өскен, 2018 жылы 10 өрт болған. 
Өрттердің негізгі себебі болып: 
1) Отпен абайсыз болу оқиғалары – 61,  өткен жылдан  20,8%-ға  азайған, 2018 жылы – 77  оқиға тіркелген. 
2) Монтаждау және электр құрылғыларын техникалық көшіру ережелерін бұзу бойынша барлығы  87 оқиға тіркелді, өткен жылмен салыстырғанда  2018ж.-74,  17,6%-ға  өскен. 
3) Пештерді орналастыру және пайдалану кезінде ӨҚЕ бұзушылығы-63  оқиға тіркелді, 2018 жылы 86 оқиға орын алды, өрттер  26,7%-ға  азайған. 
Қалған өрт оқиғалары қасақана өртеу, тұрмыстық электрлік құралдарын көшіру кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін бұзу және т.б. болып табылады.
Өрттен материалдық шығын 71,8%-ға  азайған, 2019 жылдың шығын сомасы 3500 мың  теңгені құрайды, 2018 жылдың ұқсас кезеңінде шығын 12400 мың теңгені құраған.  
Осы жылдың өткен кезеңінде – 346 өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу анықталған, өткен 2018 жылмен салыстырғанда – 136,  2,5 есе өскен. Әкімшілік жауапкершілікке тартылғандар саны –77, 2018 жылы - 52,  48%-ға  өскен,  айыппұл түріндегі сомасы 611 129 теңгені құрайды  (2018ж. – 303 601)  2 есе  өскен.
2019 жылдың ағымдағы кезеңінде облыстың Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызмет басқармасымен 46 772 қоңырау қабылданды, 2018 жылы 50 616 қоңырау қабылданған  7,6%-ға  азайған  құрайды, оның ішінде: 
- негізгі қызмет бойынша «112» нөміріне –4456 қоңырау шалынды, 2018 жылы – 6615 қоңырау шалынған (32,6%-ға  азайған);
- «101»-ге – 180 қоңырау түскен,  2018 жылы–798 қоңырау түскен (77%-ға  азайған); 
- «102»-ге  –  1815  қоңырау түскен, 2018 жылы – 2048 қоңырау түскен (11,4%-ға  азайған);
- «103»-ге – 2172 қоңырау түскен, 2018 жылы – 1743 қоңырау (24,6%-ға  өскен).
- ақпараттық-анықтамалық сипатта – 24 730 қоңырау түскен, 2018 жылы – 22 681 (9%-ға  өскен);
- басқада – 13 419 қоңырау түскен , 2018 жылы – 16 731  қоңырау түскен (19,8%-ға  азайған).



Кері қайту