Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

2019 жылдың 1 айында Қарағанды облысының аумағында болған төтенше жағдайлар және оқиғалар туралы ақпараттық шолу

5 ақпан 2019
2019 жылдың басынан Қарағанды облысының аумағында барлығы 111 оқиға тіркелді, өткен жылмен салыстырғанда 2,7%-ға өскен, 2018 жылы – 108, соның ішінде 6 техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар өткен жылдың есеп беру кезеңімен салыстырғанда 14,2%-ға азайды (2018ж. – 7 төтенше жағдай  тіркелген).
Төтенше жағдайлар барысында 8 адам зардап шекті, өткен 2018 жылмен салыстырғанда 27,2%-ға азайды, 2018 жылы 11 адам. Ағымдағы жылда қайтыс болған адамдар саны 5, өткен жылмен салыстырғанда  50%-ға азайды, 2018 жылы 10 адам.
Департамент бөлімшелерімен 339 жедел шығу жұмыстары жүзеге асырылды (2018ж. – 375; 9,6%-ға азайды), соның барысында – 96 адам құтқарылды (2018ж.-193;  50,2%-ға  азайды), 248 адам көшірілді (2018ж. – 339;   26,8%-ға  азайды) және 16 адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді (2018ж. – 25;   36%-ға  азайды), оның ішінде: 
- тұрмыстық сипатта – 21  (2018.-16;   31,2%-ға  өскен);
- авариялық құтқару жұмыстары – 81 (2018ж.-100;   19%-ға  азайды);
- іздестіру-құтқару жұмыстары - 4 (2018ж. – 3;  33%-ға  өскен);
- жол көлігі оқиғалары – 15 (2018ж. – 9;   66,6%-ға   өскен);
- өртке 131 (2018ж. –148;   11,4%-ға  азайды);
- өрт ретінде есеспке алуға жатпайтын  өрт оқиғалары -  87, (2018ж.–99; -12,1%-ға  азайды);
Оқиғалардың басым бөлігі өртті құрайды, ағымдағы жылда барлығы  110  өрт тіркелген, өткен жылмен салыстырғанда 2,8%-ға  өскен, 2018 жылы 107 өрт болған. 
Есеп беру кезеңінде тұрғын үй секторларында өрттің өсуі байқалады, 70 – оқиғалар тіркелген, өткен жылмен салыстырғанда  7,9%-ға  азайған, 2018 жылы барлығы  76 өрт болды. Өрттердің басым бөлігі көліктерде болған, 23 оқиға тіркелген, 2018 жылы 16 оқиға тіркелген, өткен жылмен салыстырғанда 43,8%-ға  өскен. Әкімшілік-қоғамдық ғимараттарда – 4 өрт  болды, 42,9%-ға  азайған   байқалады, 2018 жылдың ұқсас кезеңінде  – 7 өрт болған,  сонымен қатар сауда-саттық объектілерінде өрттің  азайуыбайқалады,  2 оқиға тіркелді, өткен жылмен салыстырғанда  50%-ға  азайған (2018 жылы – 4 өрт болды). Ғимататтарда және өндірістік  ғимараттарда – 5 оқиғалар болды, өткен жылымен салыстырғанда  5 есе өскен, 2018 жылы 1 өрт болған. 
Өрттердің негізгі себебі болып: 
1) Отпен абайсыз болу оқиғалары – 29,  өткен жылдан  17,1%-ға  азайған, 2018 жылы – 35  оқиға тіркелген. 
2) Монтаждау және электр құрылғыларын техникалық көшіру ережелерін бұзу бойынша барлығы 37 оқиға тіркелді, өткен жылмен салыстырғанда  2018ж.-29,  27,6%-ға  өскен. 
3) Пештерді орналастыру және пайдалану кезінде ӨҚЕ бұзушылығы-30  оқиға тіркелді, 2018 жылы 35 оқиға орын алды, өрттер  14,3%-ға  азайған. 
Қалған өрт оқиғалары қасақана өртеу, тұрмыстық электрлік құралдарын көшіру кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін бұзу және т.б. болып табылады.
Өрттен материалдық шығын 100%-ға  азайған, 2019 жылдың шығын сомасы 0 теңгені құрайды, 2018 жылдың ұқсас кезеңінде шығын 2400 мың теңгені құраған.  
Осы жылдың өткен кезеңінде – 14 өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу анықталған, өткен 2018 жылмен салыстырғанда – 9,  55,5%-ға  өскен. Әкімшілік жауапкершілікке тартылғандар саны –14, 2018 жылы - 3,  4 есе  өскен,  айыппұл түріндегі сомасы 213 438 теңгені құрайды  (2018ж. – 12 025)  17 есе  өскен.
2019 жылдың ағымдағы кезеңінде облыстың Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызмет басқармасымен 21 057 қоңырау қабылданды, 2018 жылы 23 776 қоңырау қабылданған  11,4%-ға  өскен  құрайды, оның ішінде: 
- негізгі қызмет бойынша «112» нөміріне –1877 қоңырау шалынды, 2018 жылы – 3142 қоңырау шалынған (40,3%-ға  азайған);
- «101»-ге – 105 қоңырау түскен,  2018 жылы–475 қоңырау түскен (78%-ға  өскен); 
- «102»-ге  –  874  қоңырау түскен, 2018 жылы – 1046 қоңырау түскен (16,4%-ға  азайған);
- «103»-ге – 1001 қоңырау түскен, 2018 жылы – 779 қоңырау (28,5%-ға  өскен).
- ақпараттық-анықтамалық сипатта – 11 323 қоңырау түскен, 2018 жылы – 10 325 (9,7%-ға  өскен);
- басқада – 5877 қоңырау түскен , 2018 жылы – 8009  қоңырау түскен (26,6%-ға  өскен).



Кері қайту