Заңды ұстан жастарым!
4 ақпан 2019
Тәуелсіз елім, кең байтақ жерім!
Есейдім сенде, тұғырым теңім.
Қылмысқа жолды бермейік бүгін,
Көрсетіп жұртқа, үлгі мен сенім.
Жастардың жолы, болсыншы жарқын,
Үйретіп тәлім, баулиық жалпын.
Берейік ашып, ертеңге жолын,
Алға бассын – деп, алсын –деп қарқын.
Қылмысқа әркез қолданар жаза,
Кетері анық бойдағы маза.
Жастарым жалпы ұстанғын Заңды,
Бұлақтай болсын көңілің таза.
Азаматтық қорғау майоры Р.А.Шегетаев,
№52 Өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары
Кері қайту