Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Набиев Аятолла Сүлейменұлы

Қарағанды қаласы Кривогуза көшесінде орналасқан №8 үйді  қою түтін жаулап алды.

№13 пәтердің есіктері мен терезелерінің кішкентай саңылауларынан тұншықтыратын қара газ шығып жатты. Біраз тұрғындар өрттің иісін сезіп, аулада баспалдақтық алаңда жинала бастады. 
№1 өрт сөндіру бөлімі бұл уақытта нормативті өңдеумен шұғылданып жатқан болатын. Оқу процессін шұғыл дабыл бұзды. Қоңырау 2018 жылдың 13 қыркүйегінде 16 сағат 49 минутта келіп түсті. Кезекші қарауыл дереу оқиға орынына шықты.

Бірнеше минуттердан соң көлік қажетті орынға жетті. №1 ӨСБ қарауыл бастығының міндетін атқарушы азаматтық қорғау лейтенанты Набиев Аятолла алыстан балконнан қою қара түтін ғана емес, ағаш арқалықтарын түгелдей жаулаған өрт алдындағысының барлығын жаулайтынын байқап, 4-ші қабаттығы балконның ашық күйде жанып жатқаны жайында ақпарат берді.

Набиев А. бастаған 1-ші бөлімше кірісті тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдары арқылы кіреберіс, баспалдақ торы бойымен құтқару және эвакуациялау рәсіміне кірісті. Сонымен қатар 2-ші бөлімше электр энергиясын ажыратып, тарту және жұмыс желілері үшін берілген 2 оқпандарды балкондағы өрт сөндіруге, көрші пәтерлерге жанудың таралуын болдырмау үшін жіберілді.

Барлау барысында Набиев А.С. №13 пәтерде балалардың болуы мүмкіндін анықтады. Аятолла көп кідірместен аталған пәтердің темір есігін бекіністік құрал-саймандармен ашуға шешім қабылдады.  Есікті ашқаннан кейін Набиев А.С  түтінделген пәтерде іздестіру жұмыстарын жүргізіп, 2 жастағы және 7 жастағы балаларды тауып алды. Балалар таза ауаға шығарылып, Аппаттар медицинасы орталығының бригадасына тапсырылды. Әрі қарай жоғары қабаттағы пәтерлерге барлау жұмыстарын жүргізу барысында құтқару колпактары арқылы №18 пәтерден 2 бала және бір ер адам құтқарылды. 

Өрттің аумағы 6 шаршы метрді құрады. Өрт 17 сағат 21 минутта толықтай өшірілді.  Өрттің аумағы үлкен болмаса да, салдарынан пәтерде қою түтін орын алып, өрт сөндірушілер пәтерде және кіреберісте түтінді жою жұмыстары жүргізілді. 
Жүгіріп келген ата-ана балаларының амандығын көріп, қуанышты көз жастарымен өрт сөндіруге қатысқан өрт сөндірушілерге алғыстарын білдірді. 


Кері қайту