Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

2018 жылдың 10 айында Қарағанды облысының аумағында болған төтенше жағдайлар және оқиғалар туралы ақпараттық шолу

9 қаңтар 2019
2018 жылдың басынан Қарағанды облысының аумағында барлығы 1392  оқиға тіркелді, өткен жылмен салыстырғанда 14,4%-ға азайды, 2017 жылы – 1628, соның  ішінде  44  техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар өткен жылдың есеп беру кезеңімен салыстырғанда 36,2%-ға азайды (2017ж. – 69 төтенше жағдайлар тіркелген).
Төтенше жағдайлар барысында  59 адам зардап шекті, өткен 2017 жылмен салыстырғанда 15,7%-ға азайды, 2017 жылы  70  адам. Қайтыс болған адамдар саны 52, 2017 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда қайтыс болғандар саны өзгерген жоқ -  52 адам.
Департамент бөлімшелерімен («ӨСжАҚЖҚ» ММ, «ЖҚЖ» ММ) 2 739 жедел шығу жұмыстары жүзеге асырылды (2017ж. – 3 036; 9,7%-ға азайды), соның барысында – 1 078 адам құтқарылды (2017ж.-955;  12,8%-ға  өскен),        3 075 адам көшірілді (2017ж. –4 250;  27,6%-ға  азайды) және 44 адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді (2017ж. –41;   7,3%-ға  өскен).
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметімен дабыл бойынша 2 173  шығу  жұмыстары   жүргізілді   (2017  жылмен   салыстырғанда 2 422 шығу жұмыстары жүргізілген; 10,3%-ға  азайды), оның ішінде: 
- тұрмыстық сипатта – 1 278  (2017.-1 434;   10,9%-ға  азайды);
- АҚЖ – 866 (2017ж.-947;   8,5%-ға  азайды);
- жол көлігі оқиғалары – 29 (2017ж. – 41;   29,3%-ға   азайды);
- 855 адам құтқарылды (2017ж.- 733 адам ;   16,6%-ға   өскен);
- 3 069 адам эвакуацияланды (2017ж.- 4 154  адам;  26,1%-ға  азайды);
- зардап шеккен 44  адамға алғашқы көмек көрсетілді (2017ж.-34;  29,4%-ға   өскен).
Жедел-құтқару жасағымен  566  шығу жұмыстары жүргізілді (2017ж. -614;   7,8%-ға  азайды), оның ішінде:
- тұрмыстық сипатта - 151 (2017ж. –  141;  7%-ға   өскен);
- авариялық-құтқару жұмыстары – 342 (2017ж. – 364;  6%-ға  азайды);
- іздестіру-құтқару жұмыстары - 56 (2017ж. – 86;  34,8%-ға  азайды);
- жол көлігі оқиғалары - 17 (2017ж. – 23;  26%-ға   азайды);
- 223 адам құтқарылды (2017ж.-222;  0,4%-ға   өскен); 
- 6 адам эвакуацияланды (2017ж.- 96;  93,7%-ға  азайды); 
- 0 зардап шеккен адамға дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетілді (2017ж.-7;  100%-ға  азайды).
Оқиғалардың басым бөлігі өртті құрайды, ағымдағы жылда барлығы  1336  өрт тіркелген, өткен жылмен салыстырғанда 14,7%-ға  азайған, 2017 жылы 1597 өрт болған. 
Есеп беру кезеңінде тұрғын үй секторларында өрттің өсуі байқалады, 940 – оқиғалар тіркелген, өткен жылмен салыстырғанда  16,4%-ға  азайған, 2017 жылы  барлығы  1124  өрт болды. Өрттердің басым бөлігі көліктерде болған, 229 оқиға тіркелген, 2017 жылы 224 оқиға тіркелген, өткен жылмен салыстырғанда  2,2%-ға  өскен. Әкімшілік-қоғамдық ғимараттарда – 33  өрт болды, 50%-ға  өскені  байқалады, 2017 жылдың ұқсас кезеңінде  – 22 өрт болған. Ашық аймақтарда өрттердің саны – 52, 3,7%-ға  азайған (2017ж. – 54 өрт болды), сонымен қатар сауда-саттық объектілерінде өрттің  азайуы  байқалады,  45 оқиға тіркелді, өткен жылмен салыстырғанда  23,7%-ға  азайған (2017 жылы – 59  өрт болды). Ғимататтарда және өндірістік ғимараттарда – 36  оқиғалар болды, өткен жылымен салыстырғанда 29,4%-ға  азайған, 2017 жылы 51 өрт болған. 
          Өрттердің негізгі себебі болып: 
1) Отпен абайсыз болу оқиғалары – 611,  өткен жылдан 29,9%-ға  азайған, 2017жылы – 872 оқиға тіркелген. 
2) Монтаждау және электр құрылғыларын техникалық көшіру ережелерін бұзу бойынша барлығы 414 оқиға тіркелді, өткен жылмен салыстырғанда  2017ж.-383  8,1%-ға  өскен. 
3) Пештерді орналастыру және пайдалану кезінде ӨҚЕ бұзушылығы-155   оқиға тіркелді, 2017 жылы 139 оқиға орын алды, өрттер  11,5%-ға  өскен. 
Қалған өрт оқиғалары қасақана өртеу, тұрмыстық электрлік құралдарын көшіру кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін бұзу және т.б. болып табылады.
Өрттен материалдық шығын өткен жылдан 46,6%-ға  азайған, 2018 жылдың шығын сомасы 29 436,3 теңгені құрайды, 2017 жылғы шығын 64 019 теңге құраған.  
Осы жылдың өткен кезеңінде – 5 562 өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу анықталған, өткен 2017 жылмен салыстырғанда – 4 012,  27,9%-ға  өскен. Әкімшілік жауапкершілікке тартылғандар саны –1 412, 2017 жылы - 768,  83,8%-ға  өскен,  айыппұл түріндегі сомасы 12 560 243 теңгені  құрайды.
2018 жылдың ағымдағы кезеңінде облыстың Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызмет басқармасымен  241 582  қоңырау қабылданды, 2017 жылы  222 137 қоңырау  қабылданған  8,8%-ға  өскен  құрайды, оның ішінде: 
- негізгі қызмет бойынша «112» нөміріне –25 854  қоңырау шалынды, 2017 жылы – 26 732 қоңырау шалынған (3,3%-ға  азайған);
- «101»-ге – 5 475,  2017 жылы–2 857 қоңырау түскен (92%-ға  өскен); 
- «102»-ге – 14 274, 2017 жылы – 19 917 қоңырау түскен (28,3%-ға  азайған);
- «103»-ге – 9 179, қоңырау түскен, 2017 жылы – 5 385  қоңырау (70,5%-ға  өскен).
- ақпараттық-анықтамалық сипатта – 101 737  қоңырау  түскен, 2017 жылы – 82  391  (23,5%-ға  өскен);
- басқада – 85 063  қоңырау, 2017 жылы – 84 855  қоңырау түскен (0,2%-ға  өскен).


Кері қайту