Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Теміртау қаласының ТЖ Басқармасында Президенттің Жолдауын түсіндіру бойынша дөңгелек үстел өткізілді

31 қазан 2018
Теміртау қаласының ТЖ басқармасында Теміртау қаласының ішкі саясат бөлімі және Теміртау қаласының дін істері бөлімінің өкілдерінің қатысуымен «ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Қазақстандықтардың әл-ауқатын: кірістер мен өмір сүру сапасын арттыру " атты Жолдауы» және «Үгіт-насихат арқылы тарту және үгіт-насихат жұмыстары» тақырыптарында дөңгелек үстел өткізілді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіре отырып Теміртау қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы Жүнісова Динара Нұртайқызы сөз сөйледі, өз сөзінде ол, Президенттің Қазақстан халқына жаңа Жолдауы – бұл Қазақстан халқының әл-ауқатын бұдан әрі жақсартуға және біздің еліміздің жаһандық жағдайдағы бәсекелестік қабілетін арттыруға бағытталған қуатты әлеуметтік және экономикалық реформалар пакеті екендігін атап өтті.
Атап айтқанда, халықтың табыс деңгейін арттыру, сапалы білім беру мен денсаулық сақтаудағы жаңа деңгей, шағын және орта бизнесті дамыту үшін қосымша құралдар, сондай-ақ индустриялық даму перспективалары туралы мәселелері талқыланды.
 Тұрғын үй ипотекасына қол жетімділікті арттыратын «7-20-25» жаңа тұрғын үй бағдарламасына ерекше назар аударылды.
Бұдан әрі  террористік діни қозғалыстармен қандай тарту әдістері және идеологиялық жұмыстар жүргізіліп отырғандығы жайында түсіндіре отырып, теолог Қанаев Дәурен Шегениязович сөз сөйледі.
Дөңгелек үстел барысында сөз алғандар Басқарма қызметкерлерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауап берді. 

Теміртау қаласының ТЖ Басқармасы


Кері қайту