Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Президент Жолдауы – мемлекеттік даму векторы

26 қазан 2018
2018 жылдың 25 қазанында Ботақара кентінің 34-ӨСБ оқу сыныбында Ғ.Мұстафин кентінің 32-ӨСБ және Қушоқы кентінің 33-ӨСБ офицерлерінің қатысуымен Бұқар жырау ауданының ТЖ бөлімі мен 34-ӨСБ жеке құрамының жиналысы өтті. Жиналыс мақсаты Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына жолдауын зерделеу және Президенттің бес әлеуметтің қағидаларын түсіндіру.


Тақырыпты сапалы қарастыру мақсаттарында шараға Бұқар жырау ауданы әкімдігі жанындағы жастар ресурстық орталығының ақпараттық-әдістемелік бөлімінің басшысы Светлана АлексеевнаКолоскова шақырылды.

Президент  Жолдауының  терең әлеуметтік бағыты бар. Оның «Қазақстандықтардың  әл-ауқатының артуы: табыс пен өмір сапасын арттыру» атауы өзі туралы айтып тұр.

Берілген стратегиялық құжаттың негізгі тақырыптық бағыттары: Азаматтардың әл-ауқатын арттыру; Өмір сапасын арттыру; Қолайлы өмір сүру ортасын құру; Азаматтардың қажеттіліктеріне бағдарланған, Мемлекеттік аппарат; Тиімді сыртқы саясат. Бұл тезистер мемлекет тарапынан белсенді жүргізіліп жатқан Президенттің басқа реформаларымен, бағдарламаларымен және бастамаларымен үйлеседі.

Қойылған міндеттерді шешуге, мемлекеттік аппаратпен  қажетті қаржылық ресурстарды кезеңдеп бөлу қарастырылады, олар әр қазақстандықтың өмір сүру сапасын жақсартуға тікелей және жанама түрде бағытталған. Бұл еңбек ақының, жәрдем ақылардың, зейнет ақылардың өсуі, шағын және орта бизнесті қолдау, жолдардың құрлысы, медициналық қызметтер сапасының арттырылуы, оқудың барлық кезеңдерінде азаматтардың білім сапасының арттырылуы және  тағы басқалар.

Азаматтық қорғаныс органдары қызметкерлері үшін еліміздің барлық құқық қорғау жүйесінің алдағы уақытта қайта құруылуы маңызсыз шара емес. Азаматтардың қауіпсіздігін арттыру, қылмыс деңгейін төмендету және тұрғындардың құқық қорғау органдарына сенімін арттыру- азаматтардың өмір сапасын жақсартудың ажырамас бөлігі болып табылады.

Сондай ақ  Светлана Алексеевна  қатысқандарға «7-20-25»ипотекалық бағдарламасына қатысу тәртібін түсіндірді. Ипотека қазақстандық қаржы нарығындағы бірегей жағдайларды қамтамасыз етеді және мыңдаған қазақстандықтарды  7%  несие мөлшерлемесі бойынша, бастапқы жарна 20% және өтеу мерзімі 25 жылға дейінгі пәтермен  қамтамасыз етуге арналған.

Сөз сөйлеудің аяғында баяндамашы, барлық мемлекеттік бағдарламалардың, реформалардың және қайта құрулардың жүзеге асырылуы еліміздің әр тұрғынына байланысты екендігін және қазақстандықтардың жеке дамуын, қарым-қатынас дағдыларын, мінсіздікке  және бәсекеге қабілеттілікке ұмтылуын талап ететінін атап өтті.

Владимир Малышкин  
Бұқар жырау ауданының
ТЖБ бас инженері
aзаматтық қорғау капитаны




Кері қайту