#
Департамент по чрезвычайным
ситуациям Карагандинской области
#
Экстренная информация

Книги памяти

Перейти
#
Подписка
Почта:

Департамент по чрезвычайным ситуациям Карагандинской области
- dchs_karg@emer.kz

ГУ "Служба пожаротушения и аварийно-спасательных работ по Карагандинской области
- spasr_karg@emer.kz

Филиал АО «Орт сондіруші» Карагандинской области
- kf_rgp@mail.ru

Мы в социальных сетях:
Адреса:

ДЧС - 100027, г.Караганда, ул.Мустафина, 4. Телефон приемной 8(7212) 512001.

ГУ "СПиАСР" - 100048, г.Караганда, ул.Ерубаева, 25. Телефон приемной 8(7212) 413003.

ФАО «Өрт сөндіруші» Карагандинской области – 100017, г.Караганда, ул.Мустафина, 7/2

Напишите нам
Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*
Версия для слабовидящих #

Жолдау тақырыбы аясындағы «дөңгелек үстел» өткізілді

Жаңаарқа ауданының «Нұр Отан» партиясының өкілі Асанбаев Е.С. Елбасшымыз Н.Ә.Назарбаевтың 11.11.2014 жылғы «Нұрлы жол – болшаққа бастар жол» Жолдауы тақырыбы аясында Жаңаарқа ауданының ТЖБ-нің  қызметкерлері және №50 ӨСБ-ң жеке құрамымен бірге отырып 15.12.2014 жылы дөңгелек үстел өткізді.

«Елбасы кеше «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын жариялады. Бұл ауқымды Жолдау, өйткені, онда өте үлкен жоспарлар белгіленіп, халыққа мемлекет тарапынан зор көмектер жасалмақ. Бюджеттен, Ұлттық қордан, шетелдік инвестициялардан экономиканы дамытуға, жол салуға, халықтың әлжуаз тобына, шағын және орта бизнесті қолдауға қомақты қаражат тартылмақшы. Барлығы 24 млрд доллар жұмсалады. Тарихи Жолдау, өйткені, Елбасы геосаяси жағдайға нақты баға берді, еліміздің жақын келешектегі даму бағытын айқындады. Осылайша, ел басшылығының Қазақстан тағдырына қатысты саяси жауапкершілікті алуға дайын екенін көрсетті», - дейді Е.Асанбаев.

«Нұр Отан» партиясының өкілінің айтуынша, әлемдік экономикалық дағдарыс, алып державалардың санкциялық қақтығыстарының салдары, энергия тасымалдауларға бағаның құлдырауы, бірқатар көршілес елдердегі тұрақсыздық біздің еліміздегі ахуалға да жағымсыз әсер етеді. Өйткені, Президент атап өткендей, Қазақстан геосаяси шиеленістің эпицентріне жақын орналасқан.

«Мемлекет басшысы жақын жылдардың жаһандық сынақ уақытына айналатынын, сонымен қатар, бүкіл әлем архитектурасы өзгеріске ұшырайтынын алға тартты. Бұл кезеңнен кез келген мемлекет өте алмайды. Мұндай тарихи кезеңде Елбасы Қазақстанның тағдырына, қауіпсіздігіне, халқымыздың келешегіне алаңдамай тұра алмайды. Ел Президенті халыққа «Нұрлы жол» атты жаңа және біртұтас бағдарлама ұсынды», - дейді ол.



Өртке қарсы қызмет аға лейтенанты Ж.Б.Садыков
Жаңаарқа ауданының ТЖБ инженері



Назад